Түркістанда 9 айда атқарылған жұмыстар баяндалды

8

2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 678,5 мың адамға жетті, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1% өсті. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімі арнайы ұйымдастырылған брифингте мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, бүгінде облыс орталығында  биыл  ауқымды 73 мәдени іс-шаралар өткізілген. Оның ішінде, «Түрленген, гүлденген Түркістан» тақырыбымен республикалық ақындар айтысы, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты өнер жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерттік бағдарлама, қала күніне орай, «Түркістан-бақ мекенім» мерекелік концерттік бағдарлама қала тұрғындарына ұсынылған.

Сонымен қатар, биыл 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталған.