3,5 шетелдік заңсыз интернет-ресурс бұғатталды

17
Оңтүстікте тағы бір бала ұрлау қылмысы ашылды

Қылмыстық хроникалармен өрілген танымал сериалдар мен фильмдерді сүзгіден өткізу керек. Дереу шектеу енгізілмесе – зияны балаларға тиеді. Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев осылай дейді.

Жасөспірімдерге ғаламтордан қауіп көп. 11 айдың өзінде 20 мыңнан астам заңсыз шетелдік интернет-ресурс анықталып, 3,5 мыңы бұғатталды. Есірткі қылмысы да бар. Биыл осы іс бойынша 22 жеткіншек ұсталып, алтауы сотталған.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы: «Жасөспірімдердің қылмыс жасауының тағы бір себебі – олардың қолының бостығы. Жұмыста не оқуда болмауынан. Бұл бос уақыттың дұрыс ұйымдастырылмауынан болып отыр. Сонымен қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың жалпы санының 55%-ы еш жерде жұмыс істемеді және оқымайды».