Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың биылғы алғашқы отырысы өтті. Жиында 20-дан астам жобаның жүзеге асырылу барысы сарапталып, өзекті мәселелер ортаға салынды. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Сайрам ауданында құрама жем зауыты, мал сою комбинаты және жануарлардың қалдықтардын терең өңдеу, замануи мал базары жобалары, сондай-ақ Арыс қаласында 4500 га алқапқа жаңбырлату жүйесін енгізу және 25 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңы құрылысы жобалары жүзеге суда. Ол бойынша өңірлік инвестициялық штаб отырысында компанияның негізін қалаушысы Сырым Ертаев баяндады.
Инвестор бұл жобалар арқылы жұмыс орындары көбейетінін айтады. Аустралиялық тәсілмен салынатын заманауи мал базарында саудагерлерге де, келушілерге де қолайлы жағдай жасалмақ. Бүгінде Алматы-Самара тас жолының бойында 40 га мал базарын салу үшін жер учаскелері анықталды.
Сырым Ертаев, инвестор: «Заманауи аустриялық әдіспен суарылатын мал биржасы 40 гектардай керек жердің біразын алдық. Жергілікті әкімшілік 18 гектардай жер қалды, соны алып бітсек, коммерциялық қосымша бәрін алдық. Жобаны жасатуға тапсырыс беріп қойдық. Ертеңгі аустралиялық компанияға жерді көрсетіп, сызбасын бастайтын болады».
Облыс орталығында өңірлік инвестициялық штабтың 2024 жылғы алғашқы отырысы өтті. Жиында 20-дан астам жоба талқыланды.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдері әрбір жобаны сүйемелдеп, соңына дейін жетуін бақылауда ұстасын. Әр жоба бойынша Жол картасы әзірленіп, әкімдік өз міндетін, инвесторлар өз міндетін уақтылы орындаулары тиіс. Созбалаңға салуға болмайды. Бізге өндірісті дамыту, жұмыс орындарын ашу аса маңызды. Инвестициялық штабта айтылған мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүргізілсін».
Инвестициялық штаб отырысында Кентау қаласындағы «Кентау байыту фабрикасын» қайта жаңарту және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін іске қосу бойынша, Шардара ауданында жүгері дәндерін терең өңдеу зауытын салуға байланысты ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге өзге де инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.