Ауруханаға денсаулық мәселесімен келген қала тұрғыны тексерілуден кейін шығып, көлігін таппай қалған. Бұл туралы ол бірден 102-ге хабар берген. ЖБО инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Opel Vectra-ны жедел анықтап, оны ұстауға патрульдік полиция экипажын бағыттады.
Көлік Абай ауданының аумағында тоқтатылды. Ұсталған азаматты жол полицейлері оқиғаның мән-жайын толық тексеру үшін анықтаушыларға тапсырды. Ал темір тұлпар заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде, тұрғын тәртіп сақшыларына жедел жұмысы үшін алғысын білдірді.