Жасырынып жүрген «қаңтар оқиғасының» қатысушысы ұсталды

1079

Үшінші мегаполисте қаңтар оқиғасына қатысы бар және кісі өлтірді деген күдікке ілінген азамат құрықталды. Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын 7-ші ақпан күні ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері қолға түсірді.

Ресми мәліметке сәйкес, олар «Дикий Арман» лақап атымен танымал Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып табылады. Ұсталғандардың бірі Шымкентте кісі өлтіруге және қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деп күдіктелуде.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы: «Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деп күдіктелуде. Ол Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі Алматы әуежайында шекаралас елдің аумағынан келгеннен кейін ұсталды. Онда ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды»

Айта кетсек, өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталған.