5 бірдей ауыл арақтан бас тартқан…

48

Мерей Алиев Ордабасы ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы. Оның жұмыс күні әдеттегідей, өзіне сеніп тапсырылған әкімшілік учаскесін шолудан басталады. Бұл оның 7 жылдын бері атқарып келе жатқан қызметі. Тәжірибелі полицейдің айтуынша, азаматтармен байланыс орнату, олардың арасында қандай да бір құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында алдын-алу шараларын өткізу аса маңызды міндет.

Егер азаматтарда қандай да бір сұрақтар туындаса, тікелей полицейдің арнайы ұялы телефонына хабарласа алады. Өз қызметіне адал, қандай да бір мәселені түпкілікті шешуге бар күш-жігерін салатын полицейге тұрғындардың да сенімі зор.
Учаскелік полиция инспекторы азаматтарға арақсыз ауыл жобасы бойынша және ішімдіктің салдарынан қылмыс болуы мүмкін екенін түсіндірумен, алаяқтық және ұсақ бұзақылықтар туралы да кеңес беруде.
Мерейді ауыл тұрғындары жақсы таниды. “Рейд болса ауылбилерін шақырып, қатыстырамын, білім ордаларына барып оқушылармен кездесу өткіземін, тұрғындарды жеке қабылдап әңгімелесемін, пәтерлерді аралап тұрғындармен жиі байланысамын, бұл тәсілдер қылмыстарды болдырмау бағытындағы маңызды әдістер дейді, – полицей Мерей Алиев.
Айта кету керек, аға учаскелік полиция инспекторы қызмет ететін ауданда 5 бірдей ауыл арақтан бас тартқан. Соның нәтижесінде қылмыс орын алмаған.