«Қиын» балаларға арналған мектепке жіберілді

29

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Нахиповтың өндірісіндегі Қазақстан Республикасының азаматтық процесстік Кодексінің 332-бабына сәйкес, кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру бойынша Н.И-ға қатысты азаматтық ісі қаралды.

Соттың іс-жүргізуінің жариялылығын қамтамасыз ету үшін сот отырысының қарар бөлігі Түркістан қаласының А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінде көшпелі сот отырысы өткізіліп, кәмелетке толмаған Н.И-ға қатысты шешім қабылданып, “Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 6 (алты) ай мерзімге жіберіліп, Түркістан облысы полиция департаменті “Түркістан қалалық полиция басқармасы” мемлекеттік мекемесінің арызы қанағаттандырылды.