Ұнатқан жігітіне тұрмысқа шығуына ата-анасы қарсылық білдірген соң бойжеткен үйінен кетіп қалған

336

Полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Айтуынша, таңғы сағат 6:00 шамасында бойжеткен қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Жақындары күн бойы іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Хабарламаны алғаннан кейін жоғалған 18 жасар қызды іздеуге еріктілер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлерінің табанды жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен қыз Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен табылды.
Тәртіп сақшылары анықтағандай, ата-анасының ұнатқан жігітке тұрмысқа шығуына қарсылық білдірген соң бойжеткен осындай әрекетке барған.
Полицейлер табылған бойжеткен мен ата-анасына профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.