Шымкентте супермаркеттің жертөлесінде өрт шықты

16

Шымкентте супермаркеттердің бірінде өрт шықты. Оқиға  бүгін 4 тамызда Әл-Фараби ауданында болған.

Төтеншеліктердің мәліметінше, сауда орнының жертөлесі өртенген. Онда спирттік ішімдіктері бар картон қораптары жанған. Қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға орнынан дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар оқиғаның шығу себебін анықтауда.

(Фото: ТЖМ)