Шорнақ ауылындағы үй отқа оранды

27
фото САӘБҚ

Сауран ауданындағы Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінде тілсіз жау түгел бір үйді отқа ораған. Қазіргі таңда өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде. Бүгін оқиға орнына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров келіп, жағдаймен танысты. Тұрғындармен тілдесіп, көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

“Біз бұл жағдайдан тысқары қала алмадық. Баспана иелеріне көмек көрсету жөнінде шешім қабылдадық. Аудан тарапынан тұрғын үйді жөндеуге көмек көрсетілетін болады. Дегенмен отбасына әлі де көмек қажет. Өрттен зардап шеккендердің барлық тілектерін тыңдадық, бұл оқиғаны біз бақылауда ұстаймыз», – деді аудан әкімі.
Қызыл жалыннан әбден зәресі кеткен үй тұрғындары да, қазір сабырға келіп, баспанасын қалпына келтіру жұмыстарын бастаған.