Shymkent ЖПК кіші футболдан профессор Бахтияр Юнусовты еске алуға арналған турнир өткізді

138

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара колледждің алғашқы құрылтайшысы, профессор Бахтияр Юнусовты еске алуға, сонымен қатар Республика күніне орай және оқу ордасының 20 жылдық мерейтойына арналған.

Абдуләзиз Азатбеков Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің есеп және аудит факультетінде екінші курс студенті. 16 жастағы жігіт оқудан бөлек, колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысады және үнемі жарыстарға барып, оқу орнының құрамасын қолдап жүреді. Студенттің айтуынша, спортпен шұғылдану физикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар оқушылар арасында командалық рух пен тәртіпті дамытуға көмектеседі.

Абдуләзиз Азатбеков, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің студенті: «Біз турнирге ұзақ дайындалдық, жаттығудың нәтижесінде бүгін финалда ойнаймыз. Бізде футбол, волейбол, шахмат, баскетболдан турнирлер жиі өткізіледі. Сондай-ақ Түркістанға да жарыстарға барамыз. Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын!»

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің алғашқы құрылтайшысы, профессор Бахтияр Юнусовты еске алуға, сонымен қатар Республика күні мен оқу орнының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған кіші футболдан жасөспірімдер арасындағы жарыс Шымкент студенттері үшін маңызды дода. Мұндай турнирлер физикалық белсенділікті насихаттап қана қоймай, қатысушылардың командалық рухын, ынтымақтастығын және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Ерлан Байсейітов, Shymkent жоғары педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Екі күнге созылған іс-шарамыз қазіргі таңда өз мәресіне жетіп отыр. Бахтияр Юнусовты еске алу, Республика күніне орай, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің 20 жылдық мерейтойына орай біз осындай кіші футболдан турнир ұйымдастырып жатырмыз. Бұл турнир жастардың спортқа деген ынта-жігерін арттыру мақсатында жылда өткіземіз».

Кіші футболдан өткен турнирге жалпы 18 команда қатысты. Тартысты өткен финалдық ойында Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің студенттер командасы жеңіске жетті. Ал екінші орынды Парасат колледжінің студенттері, үшінші орынды Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледж студенттері иеленді. Турнир соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Бұл дода – тек спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар жастар арасындағы қоғамдық байланыс пен бірлікті нығайта отырып, қаланың мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналды.

 

Shymkent жоғары педагогикалық колледжі

(№ KZ35LAA00014412 лиц. 25 .07. 2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген)

Мекенжайы: Шымкент қ. 8 март көшесі, 22
Тел: 8 7252 50 61 36, 8 701 400 13 63, 8 705 376 00 77

Сайт: shym-college.edu.kz
Email: ukpk_shym@mail.ru
instagram: shym_kolledj