Шымкентте 400-ден астам кәсіпкер бағаны заңсыз көтерген

26
фото ОТЫРАР

Шымкентте 400-ден астам кәсіпкер нарықтағы тауар бағасын заңсыз көтерген. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге қатысты шекті сауда үстемесін 15 пайыздан асырған. Мониторинг барысында сатушылардың көбінесе күнбағыс пен қанттың бағасын негізсіз көтергені анықталған. Жауапты басқарма мамандары заңды бұзған кәсіпкерлерге тиісті шара көрілгенін айтты.

Оспан Әбиев, Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары: «Осы негізде бізде 425 хаттама түзілген. ҚР ӘҚБтК 204-4 бабының 1-ші тармағында ескерту қарастырылған. Яғни, бірінші ескерту береміз. Ал 1 жылдың ішінде тағы қайталайтын болса онда әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, айыппұл ретінде»

Сондай-ақ, сала жауаптылары Шымкенттегі ең арзан базарларды да атап өтті. Сөздерінше, «Акбар», «Жібек жолы» және «Барыс» базарында азық-түлік тауарлары ең төменгі бағада саудаланады.