«Төле би баба» мұражайы салынбақ

27
фото ТАӘБҚ

Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаевтың тұрғындарымен кезекті кездесу бекітілген кестеде көрсетілгендей, Қасқасу ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге ауданның дамуы, ауылдық округ бойынша 2024 жылы атқарылатын жұмыстардың бағыттарымен таныстырды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Төлеби ауданы бойынша 5 медициналық нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Диханкөл, Кеңесарық, Жаңажол, Зертас, Аққұм) Нысандарды жыл аяғына тапсыру жоспарлануда. Бірде-бір мәдениет нысандары жоқ Аққұм ауылдық округінен мәдениет үйі салынып пайдалануға берілсе, Киелітас ауылдық округтеріндегі мәдениет үйін 2025 жылға аяқтап тапсыру жоспарлануда. Одан өзге Ленгір қаласы Ә.Бектайұлы көшесіндегі «Төле би баба» мұражайының құрылысын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттаманың оң қорытындысын алып қаржыландыруға ұсынылды.
Қасқасу елді мекенінде орналасқан туристік рекреациялық аймақ үшін топотүсірілім әзірлеуге қаржы қарастырылып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Керегетас елді мекенінің ұзындығы 2,300 шақырымды құрайтын Майда тал көшесін орта жөндеуден өтуде, Жоғарғы Қасқасу елді мекені Сарыбұлақ көшесіне электр желісін жүргізу және трансформатор орнатылуда. Керегетас елді мекені Майдатал көшесіне электр желісін жүргізу және трансформатор орнату құрылысы аяқталды. Кеңесарық елді мекені Қ.Өмірзақұлы көшесіне электр желісін жүргізу және трансформатор орнату жұмыстары аяқталды. Кеңесарық елді мекенінің ауыз жүйесін қайта құру үшін жоба-сметалық құжаттамаларына қаржы қарастырылып жоба әзірленуде. Жыл аяғына сараптамадан алу жоспарлануда. Кеңесарық елді мекенінің Үштұмсық және Кеңсай көшелерінің 2,8 шақырымын жарықтандыруға қаржы қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.
Жиында әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев сала басшыларына бірқатар міндет жүктеп, ауданды дамыту жұмысын ширата түсуді тапсырды. Ал тұрғындар Сержан Дауылбайұлына өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді қозғады. Одан кейін Сержан Дүйсебаев тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Кездесу мен жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыс жүргізіледі.