Úı ANONS Экологиялық сана: Түркістан су тапшылығымен қалай күресіп жатыр

Экологиялық сана: Түркістан су тапшылығымен қалай күресіп жатыр

фото pixabay.com

 

Кез-келген қала үшін  су — қарапайым ресурс емес — тіршілік көзі. Бұл әсіресе құрғақ аймақта орналасқан Түркістан үшін өзекті мәселе. Қазіргі уақытта осы өңір өзінің су әлеуетін қайта жаңғыртып жатыр және оны ғылыми тәсілмен және ауқымды инженерлік жобалармен жүзеге асырып отыр.

Орта ғасырлардың өзінде мұнда дамыған ирригациялық жүйе болған: жерді өзен суымен суаратын, ал қала жасыл желекке тұнып тұратын.  Өкініштісі, соңғы онжылдықта жағдай түбегейлі өзгерді.  Халық санының өсуінен, урбанизация мен климаттың өзгеруінен су ресурстары тапшы бола бастады.  Қала тұрғындарының 20 %-дан астамы осы заманға дейін тұрақты су көзімен қамтамасыз етілген жоқ, ал жерасты сулары қатаң бақылау жасалмай пайдаланылған.

Бүгінде Түркістан жылына жалпы көлемі 120 млн текше метрден асатын қосымша көздерді ескере отырып, жерасты су көздері — Мырғалымсай кен орны мен Қарашық кен орны есебінен ауыз суға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Кентаудан су тартқыштың екі тармағы тартылған, резервуарлар ұлғайтылған және алдағы жылдары қала ауыз сумен толық қамтамасыз етілген.

Алайда суару, көгалдандыру және экологиялық қажеттіліктерге арналған су мәселесі қиындап тұр. Көктемгі су тасқынынан көп мөлшерде су келеді, бірақ су қоймаларының жеткіліксіз болуынан ағынның едәуір бөлігі құмға сіңіп кетеді немесе Сырдария сағасына барып құйылады.

Жағдайды өзгерту үшін өңірде бірнеше негізгі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бәйдібек ауданында Бөген өзенінде Сарқырама су қоймасы салынды — ол 50 млн текше метрге дейін су жинауға мүмкіндік береді. Кеңсай-Қоскорған каскадтық жүйесімен бірге (жалпы көлемі 31 млн текше метрге жуық) Түркістан үшін сенімді резерв болмақ. Бір мезгілде Түркістан магистральды каналының арнасын бетондау жүргізіледі, бұл жылына 60 млн текше метр суды тасымалдау кезінде су ысырабын азайтуға мүмкіндік береді. Бұрын қызыл су құмға сіңіп кететін, осының салдарынан  судың үштен бір бөлігі шығындалатын.

Кентаудағы инженерлер ерекше, бірақ тиімді шешім тапты: техникалық су алу үшін су басқан шахталарды пайдаланбақ. Шахталардағы су жыл сайын 40 млн текше метрге дейін суармалы және каскадты су қоймаларына жіберіледі. Осылайша бірден екі мәселе шешіледі — су басудың алдын алады әрі Түркістан сумен жабдықталады.

Сонымен қатар, өңірде тамшылатып және жаңбырлатып суару, ГАЖ-жүйелерінің көмегімен мониторинг жүргізу сияқты су үнемдеу технологиялары жан-жақты қолданылып отыр. Фермерлер қазірдің өзінде су шығынының 50 %-ға төмендегенін атап өтті. Қалада қолайлы микроклимат қалыптастыра отырып, барлық жасыл аймақтар мен шағын көлдерді суаруды қамтамасыз ететін ирригация жүйесі салынып жатыр.

Түркістанның шет жағында көлдер мен су қоймалары жүйесі жаңартылып жатыр. Жетікөл жүйесі – ірі жобалардың бірі, онда 38 шақырым бөгет салынды.  Осы жоба экожүйені қалпына келтіріп, құстар мен жабайы аңдар қайта оралды. Қаланың өзінде абаттандыру элементі ретінде ғана емес, суды қайта пайдалану ресзервуары ретінде — жасанды Шаға көлі мен Ескекші арна салынды.

Соңғы бес жылда Түркістан саябақтарының, скверлерінің және жасыл аймақтарының аумағы 2,5 есеге өсті, ал «жасыл белдеу» 13 мың гектарды құрайды. Қалада барлық судың 40 %-ы қайта пайдаланылады — бұл бүкіл ел үшін үлгі бола алатын экологиялық сананың үлгісі.

Түркістанның жаңғыруы — қаланың даму тарихы ғана емес, табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру. Бір кездері өмір мен рухани өркендеудің қайнар көзі болған су – аймақ болашағының шешуші факторына айналып отыр.