Úı Jańalyqtar Полицейлер мектепте жасөспірімдермен құқықтық сағат өткізді

Полицейлер мектепте жасөспірімдермен құқықтық сағат өткізді

фото ШПД

 

Шымкент қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері жасөспірімдермен құқықтық сағат өткізді. Іс-шара “Заң және тәртіп” қағидаты негізінде ұйымдастырылып, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.

 

Полиция қызметкерлері оқушыларға құқықтық білімнің маңыздылығы туралы түсіндіріп, олардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен әңгімелесті. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мектеп оқушылары құқықтық сауаттылықтарын арттырып, заң талаптарын сыйлауға үндеді.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің санасын құқықтық құндылықтарға қалыптастыру, заң бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін дамыту болды. Мұндай кездесу жастар арасында құқықтық түсінік пен жауапкершілікті арттыруға зор үлес қосады деп сенім білдірілді.

 

Жалпы, полицияның мектептердегі профилактикалық жұмыстары жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіруге және қоғамда тәртіп пен қауіпсіздік орнатуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Мұндай шаралар жасөспірімдердің дұрыс бағытта тәрбиеленуіне және құқықтық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді. Кездесу барысында оқушылармен киберқылмыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік, есірткі қолданудың қауіптері, зорлық-зомбылық пен буллингтің салдары, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау тәсілдері талқыланды.

Спикерлер тәжірибеде кездескен мысалдарды келтіріп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер құқық бұзушылықтың ерте алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Алдағы уақытта тәрбиелік мәні зор мұндай кездесулер ұдайы ұйымдастырылып тұратын болады.