Úı ANONS Түркістанда 15 мыңнан аса ерекше бала бар

Түркістанда 15 мыңнан аса ерекше бала бар

Түркістан облысында мүгедектігі бар тұрғындарға мемлекеттен берілетін кез-келген көмек арнайы портал арқылы көрсетіледі. Бұл не үшін керек? Тұрғындарға несімен тиімді? 

Түркістан облысында 102 мыңға жуық мүгедектігі бар адам есепте тұрады. Олардың 15 мыңнан астамы – балалар. Оларға мемлекеттен берілетін бар көмек  «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте айтылды.

Алмас Әбдіқадыров, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының М.у.а: «Нәтижесінде, өтініш берушілердің саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,5 пайызға немесе 6228 өтініштен 75898-ке ұлғайған. Бүгінгі таңда порталда тізімде республика бойынша 2559 өтінім берілсе, оның ішінде Түркістан облысында 271 өнім беруші тіркелген. Қызмет көрсету саласы бойынша – 146, оңалту техникалық құралдарын жеткізушілер – 15, ымдау тілі маманы – 19, жеке қызметшінің қызмет көрсетуші – 55,  сонаторлық-емсдеу қызметі – 36, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша өнім берушілер… өтініш қанағаттандырылды».

Аталған портал мүгедектігі бар тұрғындардың оңалту және рабилитациялау үшін қажетті тауарлар мен қызмет көрсететіндерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Және әлеуметтік қызметтерді алуды жеңілдетеді. Дегенмен  облыс әкімі халықтың  әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамның әр санатындағы топтарына жан-жақты қолдау көрсету жұмыстарын әлі де  күшейтуді тапсырды.

Нұралхан Көшеров,  Түркістан облысының әкімі: «Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметік қорғалуын қатаң бақылауға алу қажет. Аудан, қала әкімдеріне мүгедектігі бар адамдар үшін гигиеналық құралдар және  санитарлық құрық иемдеу қызметтерін қажетті қаржыны қарастырып, бірақ бұл жерде әрқайсысы нақты анализін жасау керек. Басында тұрған санаториларын қарау керек. Мұндай мүмкіндігі бар ма, жоқ па?».

Айта кетейік, ресми мәлімет бойынша, өткен жылы аймақта оңалту бағдарламасы 95 пайызға орындалған. 67 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, оған 17 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған. Ал осы жылдың үшінші тоқсанындағы есеппен, портал арқылы 76 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 55 мыңнан астамы қанағаттандырылған.

Дилара Иса