Түркістан қаласында жұмыспен қамту мақсатында бөлінген субсидияны жымқырған 5 адамға қатысты үкім оқылды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті хабарлады.
Сотталғандардың қатарында «Еңбек мобильділігі орталығы» — ның бұрынғы директоры, «Жұмыс берушілерді қолдау» бөлімінің қызметкері бар. Олармен бірге бірқатар коммерциялық ұйымдардың басшылары да істі болды. Олар азаматтарды субсидияланатын жұмыс орындарына жалған рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі: «Орталық қызметкері… орналастырған. Заңсыз жолмен табылған қаражатты сотталғандар өзара бөлісіп отырған. Жалпы олар 78 адамды жұмысқа орналастырған болып, мемлекетке 49 миллион теңге залал келтірген. Сот үш айыпталушының бас бостандығынан айырып, 4 жыл 6 айдан 5 жылға дейін түрмеге жапты. 2 кәсіпкердің бас бостандығын 4 жыл 6 айға шектеді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелген. Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енбеген».
Дилара Иса
49 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН






