Úı ANONS Жасөспірімді ұрғаны үшін айыппұл арқалады

Жасөспірімді ұрғаны үшін айыппұл арқалады

Фото: gomel.today
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер Х.-дан моральдық шығын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралған.
Сотта анықталғандай, Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес, жауапкер Х. кінәлі болып табылып, оған жаза түрінде айыппұл салынған.
Х. 2024 жылдың маусым айында Шымкент қаласындағы №3 шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйдің ауласында, жанжал барысында кәмелетке толмаған Т.-ны ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежеде зиян келтірген. Кәмелетке толмаған Т.-ның заңды өкілі талап қоюшы Ж. моральдық зиян келгенін көрсетіп, соттан 500 000 теңге өндіріп беруін сұраған.
Жауапкер талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуды сұраған.
Сот, аталған мән-жайларды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115, 951, 952 баптарын назарға алып, жауапкер Х.-дан талап қоюшы Ж.-ның пайдасына моральдық зиянның өтемі ретінде 50 000 теңгені өндіріп, талап қоюды ішінара қанағаттандырған. Шешім заңды күшіне енген