Úı ANONS Жетісайдағы өртте зардап шеккен 7 жасар қыз қайтыс болды

Жетісайдағы өртте зардап шеккен 7 жасар қыз қайтыс болды

фото 018.kz

2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданында болған өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас көз жұмды.

«Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың (соның ішінде республикалық санитарлық авиацияның 4-деңгей мамандарының) кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешеніне қарамастан, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан пациентті аман алып қалу мүмкін болмады», — деп хабарлайды Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Жетісай ауданы Алғабас ауылында екі қабатты коттеджде өрт болып, салдарынан 12 адам қайтыс болған еді. Ал зардап шеккен үш адам санавиациямен Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілген болатын. Солардың бірі 7 жасар қыздың қаралы қараша айының соңғы күні соңғы демі үзілді.