Түркістан қаласының маңында капсулалы үйлер жасала бастады. Бұл жаңа жұмыс орнын ашумен қатар туризмді дамытуға сеп болады. Қазірге кәсіпкер 15 жаңа үй жасаған. Бұл үйлердің маңызы зор дейді ол.
Дәл осы үйлер енді Түркістан облысында шығарыла бастады. «Хан тау» брендімен жасалып жатқан капсулалы үйлер туристік аймақтарға орнатуға болады. Одан бөлек үй, кеңсе, көрме павилондары мен дала зертханалары, тіпті қонаұй ретінде пайдалануға ұсынылады.
Капсула үйлер негізінен Қытайда шығарылады. Өткен жылы облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегация зауыттың жұмысымен танысқан. Келісім жасап, оны аймаққа алып келуге келіскен.
Жоба заманауи жобалау және өндіріс технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бастама туристік, қалалық және инфрақұрылымдық салаларға арналған энергия үнемдейтін, мобильді әрі көпфункционалды шешімдер мен дайын бөлмелерді шығаруға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі облыс орталығы маңындағы шағын өндірістік паркке барып, жай-күйімен танысты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 дана өнім шығаруға шақталған. Ресми ақпаратқа қарағанда, жоб жоғары технологиялық өндірісті дамытуға, инвестициялар тартуға және заманауи құрылыс шешімдерін енгізуге бағытталған.
Айта кетейік, облыста жалпы 21 шағын өндірістік алаң құрылған. Онда ғимараттар салу үшін тиісті жұмыс жүріп жатыр.
Дилара Иса






