Úı ANONS Әлеуметтік тауарлар мен отандық өнімдер ерекше бақылауда

Әлеуметтік тауарлар мен отандық өнімдер ерекше бақылауда

Фото: arasha.kz

Енді әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен отандық өнімдерді дүкен сөрелерінен оңай таба аласыз. Өйткені, сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мамандары елімізде шығарылған өнімдердің кемінде 30 пайызы сөренің қол жетімді тұсында тұруы тиіс деп отыр. Егер сауда желілерінің мамандары бұл талапты сақтамаса, заң аясында жауапкершіллікке тартылады.

Жыл басынан бастап әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі кеңейтілді. Бұған дейін оған 19 тауар кірсе, енді олардың саны 31-ге жетті. Осыған орай, өнімдерді орналастыруға қатысты да жаңа талаптар енгізілді. Енді отандық өндірушілер ұсынған әлеуметтік маңызы бар тауарларының кемінде 30 пайызы тұтынушылардың көзі бірден түсетін, қолжетімді деңгейінде, сұранысы жоғары тауарлармен қатар қойылуы тиіс.

Алайда жаңа шаралар кәсіпкерлер арасында алаңдаушылық тудырып отыр. Өйткені, тауарларды өткізу үшін әрбір өнім жеткізуші жоғарғы сөрелерді таңдайды дейді жиынға қатысушылар.

«Айналымнан ретро бонус төлейді. Біреулер 3,5,7 процент төлейді. Бонустарды. Ал, сол бонустарды өзіміздің өндірушілер бере алмайды. Әркім өз басын ойлайды. Мемлекет тарапынан өндірушілерге конкурент болу үшін көмек керек. Осы жерге жиналған соң, субсидиялау керек деп ойлаймын».

Айта кету керек, өткен жылы кейбір кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар тауарларды сауда залдарының ең көзге түспейтін жерлеріне орналастыру жағдайлары тіркелген. Мұндай тауарларды кемсітушілікке жол берілмеу керек дейді мамандар. Олардың айтуынша, отандық және импорттық өнімдер тең жағдайда, бір деңгейде орналастыру қажет. Яғни, сатып алушыларға ыңғайлы әрі тең қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тауарлардың бағасын тек теңгемен көрсетуге міндетті.

 

Кейбір супермаркеттерде, оның себебі бар екен. Басқа валютамен қойған фактілер бар. Ол бойынша тиісті нұсқама беріліп, қайта қалпына келтірілуге. Заңға сәйкес тек теңгемен көрсету керек.

Қалай болғанда да, әлеуметтік маңызы бар және отандық тауарлар шетелдік өнімдермен бірқатарда тұруы тиіс дейді мамандар. Кез-келген сауда орталықтары бұл ережеге мойынсұну қажет. Әйтпесе айыппұл арқалайды. Сауда департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарларға белгіленген сауда үстемесін асырған жағдайда айыппұл салынатынын ескертті.

Нұргүл Жолымбетова