Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Шымкент қаласының білім басқармасының жауапкер Э.-ны ата-ана құқығынан шектеу және алимент өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот анықтағаны, жауапкер Э. кәмелетке толмаған төрт баланың анасы болып келеді, әкелері қазіргі таңда шет елде. Жауапкер Э. кәмелетке толмаған балаларына қатысты қатыгездік көрсеткені анықталған. Балалардың әкесі болған мән-жәйлардан хабардар.
Сот, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарын және кәмелетке толмаған балалардың мүддесін негізге алып, талап қоюды қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.







