Úı ANONS Келес өзеніне ағып кеткен баланы 200-ге жуық адам іздестіріп жатыр

Келес өзеніне ағып кеткен баланы 200-ге жуық адам іздестіріп жатыр

фото КАӘБҚ

Түркістан облысының Келес ауданында құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері Келес өзеніне батып кеткен баланы іздеп жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Қайғылы жағдай 23 наурыз күні сағат 17:00 шамасында болған. Анасының айтуынша, 2018 жылы туған бала ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кеткен.
Қазір іздеу шарасына Төтенше жағдайлар департаментінен, полициядан және жергілікті әкімдіктен, еріктілерден 193 маман мен 15 техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.