Úı ANONS Тарихқа тағзым: Түркістанда жаңа аллея ашылды

Тарихқа тағзым: Түркістанда жаңа аллея ашылды

Түркістанда «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды. «Ерлік пен бірлік – заң мен тәртіптің тірегі» атты кең ауқымды акция аясында өткен шара ел бірлігі мен экологиялық мәдениетті дәріптеуге бағытталды. Ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты, тарихи жадты сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және экологиялық құндылықтарды насихаттау. Аталған акция 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналып отыр.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Мемлеткет басшысы Қ.Ж.Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акция емес деп күнделікті айтып келе жатыр. Бұл біздің, сіздің күнделікті өмір тұрмысымыз.  Бүгінде бұл бастама ұлттық сипатта еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа экологиялық мәдениеттің қалыптасуына негіз болып келе жатыр. Былтырдың өзінде акция аясында 7 мыңнан астам іс-шара өткізгенбіз. Млн-нан астам ағаш еккен болатынбыз».

 

Жиында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз сөйлеп, бұл бастаманың рухани мәніне тоқталды. Оның айтуынша, аллея – тек көгалдандыру емес, өткенге құрмет пен болашаққа бағыттың көрінісі. Сондай-ақ, заң мен тәртіп үстемдігі әділетті қоғамның басты тірегі екені атап өтты.

 

МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: «Қасиетті Түркістан төрінде мағынасы терең күннің куәсі болып отырмыз. Бұл шараның маңызы зор. «Таза Қазақстан» шарасы, ұлт тарихына тағзым етудің, ұрпаққа аманат етіп қалдырудың белгісі».

 

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы мұндай бастамалардың маңызын ерекше атап өтті.

 

ЖЕҢІСБЕК МӘУЛЕНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бүгінге мынау үш жарым жылдың ішінде 2 жарым млн-ға жуық ағаш отырғызылды. Табиғат біздің ортақ дүниеміз. Оның тазалығы, көркеюі әрқайсымызға байланысты».

 

Іс-шара барысында  «Таза Қазақстан» аллеясына  қазақ халқының көрнекті батырлары мен тарихи тұлғалары дүниеге келген өңірлерден арнайы жеткізілген көшеттер отырғызылды. Әрбір ағашқа олардың есімдері символдық түрде берілді. Сонымен қатар, елге еңбегі сіңген бірнеше азамат марапатталды.

Нұргүл Жолымбетова