Полиция көлігі жол апатына ұшырады

526
Полиция көлігі жол апатына ұшырады

Шымкентте полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады. Жақында ғана облыс әкімі сыйлаған су жаңа көлікке мінген инспекторлар түнгі сағат 11 шамасында соғысып қалды.

Полиция көлігі жол апатына ұшырады

Киа арнайы көлігі Рысқұлов көшесінің бойында цемент таситын көлікпен соқтығысқан. Куәлердің айтуынша, жол апатының салдарынан полиция көлігінде болған екі адамды ауруханаға әкетіпті.

Еске салайық, 7 қыркүйек күні су жаңа 75 Киа көлігін өңір әкімі Бейбіт Атамқұлов облыстық жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырған еді.

Ернар Балабеков