ОҚО-дағы мәдени орталықтары жаңа ғимаратқа қоныс аудармақ

Болашақ құрылыс алаңы бұрын жоспарланғандай "Достық" шағынауданында емес "Халықтар Достығы" үйінің жанында

Шымкенттегі мәдени орталықтар жақын арада жаңа ғимаратта қоныс тойын атап өтеді. Белгілі болғаны нысанның жобалық сметалық құжатын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Ғимараттың директорының мәлімдеуінше бұл жерде қажетті бөлмелермен үш қабатты қосымша ғимаратқа орын жетеді. Бұл әрбір мәдени орталықтың жайғасуына мүмкіндік береді. Сондай ақ сахна түрлі ірі іс шаралар өтуіне босайды.
Халықтар Достығы үйінің іргетасы кинотетар ретінде өткен ғасырдың 64 жылдары қаланған. Алдын мұнда үш бөлме қарастырылған- директордың, есепші мен кассирдің .Бөлмелердің саны қазір -10-ға жеткен. Онда 20 этноорталықтары ,олардың жексенбілік мектептері ғимараттың қызметкерлері орналасқан. Сондай ақ республикадағы жалғыз қуғын сүргіндер құрбандарына арналған мұражайдың да қосымша құрылысына жобалық сметалық құжат дайындалды. Егерде құжат облыс басшылығында қолдау тапса, құрылыс 2012 жылы басталады[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BhkE_8PCP94[/youtube]