Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандардың көрмесі ашылды

 

Қаламызда «Жастар көзқарасы» атты қылқалам-қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды.  Туындылар мүмкіндігі шектеулі жастардікі. 2-ші жыл ұйымдастырылып отырған көрмеге биыл 72 жас еңбегін алып келіпті.  Шымкент, Түркістан қалалары мен Төлеби, Сайрам аудандарындағы зағип жандары жасаған шеберлер  көрмесі 3- күн болады. Осы уақыт аралығында  көрмені тамашалап, жастар еңбегін бағалап, сатып алуға мүмкіндік бар.