Тауға ғашық суретші

Белгілі қылқалам шебері – Қасымбек Нұрбеков тауға ғашық жан.  Сондықтан да, оның қылқаламынан шыққан картиналардың басым көпшілігінде тау бейнеленген. Сұлулыққа құштар  суретшінің туындыларында әсем табиғаттың, сұлу сәйгүліктің бейнесі жиі кездеседі.

Кеше Шымкенттегі облыстық көркемсурет галереясында  Қасымбек Нұрбековтың  75 жылдық мерейтойына орай  «Өмір мен өнер» атты жеке көрмесі ашылды. Көрерменнің көзайымына айналған көрменің ашылу рәсіміне Қасекеңнің әріптестері, өнерін бағлаушы азаматтар көп жиналды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4esoNuyoV9Y[/youtube]