Күзгі шақырылым бойынша әскерге шақырушылар медициналық комияссиядан өтті. Қазақстанның қарулы күштер қатарына 100 адамның тек 20-ы ғана алынады. Бұл жолғы шақырту бойынша талап өте жоғары қойылып отыр. Яғни жастардың енді денсаулығына ғана емес, моральдік жағдайына да аса көңіл бөлінеді. Білімі, бұрын қылмысқа қатысы бар-жоқтығы да ескеріледі. Шақырту комиссиясы әдеттегідей әділет, денсаулық басқармасы, жергілікті басқару және ішкі істер органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
Офицерлердің болжамы бойынша биылғы маусымда әскерге шақырылушылардың тек 500-ден астамы ғана қарулы күштер қатарына алынады. Алайда сарбаздардың саны азайғанымен, сапасы артпақ. Қорғаныс Министрлігінің соңғы шығарған бұйрығы бойынша енді әскерде тек мықтының мықтысы ғана қызмет етеді екен.
Қазір әскерге алынушыларға деген талаптар жоғарылап, қиындығы жоғары оқу орнына түскенмен пара-пар. Яғни бір орынға 10 адамға дейін. Әскерге шақырылушылар да әскери билеттің болашаққа деген жолдама деп біледі. Сондықтан, қарулы күштер қатарына алыну үшін біраздан бері дайындық жүргіздік дейді.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2kyLMhQ1sUU[/youtube]