«Отырар» институты лицензиясыз оқытып келген

435
Заң "рас" десе, олар "жоқ" дейді

Шымкент қаласында 3 мыңнан аса студентке жоғары білім беріп келген Отырар университетінің соңғы екі жылда лицензиясы болмағаны анықталды. Бұл туралы әл-Фараби ауданы прокурорының көмекшесі Қуандық Бабанов хабарлады. Еліміздің бас прокуратурасы мен Білім және ғылым министрлігінен келіп түскен хат негізінде тексерілген оқу ордасы 2008-жылдан бастап, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің құрамында жұмыс істеуі тиіс екен.

Аудандық прокурор көмекшісі Қуандық Бабановтың айтуынша, соттың шешіміне сәйкес Әл-Фараби аудандық прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылып, Отырар университетінің жоғары кәсіби білім беру қызметі тоқтатылған.

Аталмыш жоғары оқу ордасы еліміздің лицензия, білім туралы Заңын және Азаматтық кодекс талаптарын өрескел бұзған дейді прокуратура қызметкерлері. Ал Отырар институтының басшылығы бұл фактіні жоққа шығарып отыр.