Шымкентте «Болоньез-Турандот» деп аталатын жаңа ресторан ашылды. Тіл үйірер дәмді дастархан мәзірі мен әлемнің музыка жаухарлары ашылу рәсімінде мұнда келушілердің көңілінен шығып үлгерді. Жан тебірентер әлемнің музыка жаухарлары мен тағамның сан түрін «Баланьез Турандот» рестораны осы кеште келушілерге тарту етті.
Төрткүл дүние аспаздық өнерінің ең тамаша асылдарынан жиналғандарға дәм татқызды. Тіл үйірер дастархан мәзірімен қоса ресторнанның қанша елдің асханасын қамтып отырғанына жиналғандар таң қалғанын жасырмады. Ресторанның өзгелерден ерекшелігі де сол мұндағы асхана алақандағыдай. Бұл дегеніңіз әйнек қабырғаның ар жағында аспаздар Гуан Минь Юнг пен Симоно Адриано өздерінің шеберліктерін паш етуде. Әрбір келуші өзінің тапсырыс берген тағамының қалай дайындалып отырғандығын көріп отырады.
«Болоньез-Турандоттың» ашылуына танымал алматылық джаз бенд әуенді шашу шашты. Қонақтар да мерекеден қалыс қалмай, түрлі ойындарға қатысып, қытайлық және италияндық аспаздарының қо