Елбасы Шымкентте

Әр жыл күзде Мемлекет басшысы Шымкентке келіп, бірегей нысандарды ашып беру — өңірде үрдіске айналды. Бүгін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев шымкенттік әскери гарнизонындағы жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан кешенді аралап көрді. Онан соң Тәуелсіздік саябағында болды. Мұнда алғашқы болып келген мәртебелі қонақ ретінде елбасы ағаш егіп, қолтаңбасын қалдырды. 8 гектар жері бар Тәуелсіздік саябағы гүлдер компазияцияларымен безендіріліп, әуезді су бұрқақпен ерекшеленген. Саябақтың ортасында Қазақстанның халықтар бірлігі монументі орналасқан. Ал, орталық аллеяда еліміздің  тәуелсіздік жылдары бастан кешкен оқиғалар айшықталған граниттен жасалған 21 тақтайша бар.
Президент алғаш болып қадам басқан тағы бір нысан — жеңілатлетика спорт түрінен облыс спортшыларына арналған кешен болатын. Мұндай заманауи кешен елімізде бұрын болмаған.