«Империал» циркі Шымкентте

Қала күні мерекесіне орай, шымқалалықтарға базарлық алып келген «Империал» циркі бүгін ерекше акция ұйымдастырды.
Бір аптадан бері Шымкенттің тұрғындары мен қонақтарына өз өнерін тарту еткен Империал циркінің өнерпаздары қала көшелерін аралап, шымқалалықтарды төл мерексімен құттықтады. Балғындарға түрлі тарту жасап, тағы да Қажымұқан атындағы Орталық стадионға циркке шақырды.
Цирк манежінде мәнерлеп билейтін түйе мен аю, күлкіге қарқ қылар сайқымазақтар мен ғажайыпқа куә етер сиқыршыларымен баурап алар ресейлік өнерпаздардың өнеріне шымкенттіктер бұған дейін де тәнті болып үлгерген.
Көрші елдің Санкт Петербург қаласынан Шымқаланың төл мерекесіне ат арылтып келген «Империал» циркінің қойылымдары қазан айының 31-не дейін жалғаспақ.