ЖОО-да несиелік бағдарламаны енгізу. Оның тиімділігі қандай, не ұтамыз? Осы сұрақтарға бүгін ОҚО Медициналық фармацевтикалық академиясына АҚШ-тың Небраска-Линкольн университетінен келген ғалым Дэлвин Харниш жауап беруге келді. Нақтырағы Астана, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қаласындағы медициналық оқу орындарының ұстаздарының басын қосып, мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін үйретіп, пікір алмасты. Несиелік технологияның тиімділігі сол, студенттер шет елге шығып тәжірибе алмасып, практикалық іс-жобаларға да қатыса алады. Яғни, әлемдік стандарттар бойынша білім алып, соңғы ғылыми жаңалықтарға ат салысуға құқылы болмақ. Оқыту тренингі 5 күн бойына жалғасады.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gZLSbl4U0T4[/youtube]