«Ордабасы»-«Жетісу»

262
Ордабасынын жанкүйерлері

15-ші қазан күні Шымкенттің орталық стадионында Талдықорғандық футболшылар алаң қожайындарымен үш ұпай үшін таласқа түсетін болады. «Жетісу» турнирлік кестеде көш бастап келеді, ал шымкенттіктер алғашқы алтылықты қорытындылап отыр. Қонақтар үшін бұл ойын аса маңызды, өйткені қарағандылық «Шахтер» олардың өкшесін басып, екі ұпайға ғана артта келеді. Ол дегеніміз жетісулықтар әр бір ұпай үшін ерінбей таласады. Шымкенттіктер де қоржынын ұпаймен толықтырып, турнирлік кестедегі орнын жоғарылатсақ дейді. Алайда, қай команданың жолы болатыны жасыл алаңда белгілі болады. Естеріңізде болса, Ордабасылықтар өз алаңында өткен соңғы екі ойында қақпаға гол соға алмай, есеп сол күйінде ашылмаған болатын. Бұл жолы оңтүстіктің футбол сүйер қауымы сүйікті командасынан тартысты ойын және ұпай алуын күтеді.

Виктор Пасулько: «Біз әр бір ұпай үшін талас жүргіземіз. Алайда, қазіргі таңда басты мақсатымыз ел Кубогі үшін таласта жеңіске жету. Бар күш жігерімізді сол бағытта жұмсаудамыз.»

Ел Кубогі үшін талас қарашаның 3-іне шет алаңда Тараздықтармен өтеді.