«Салтанат» би ансамблі Шымкент сахнасында

Мың бұралған биші жігіттер де, қыздар құрамасы да еліміздің беделін әлемдік аренада көтеріп жүрген «Салтанат» би ансамблі. Биыл жыл басынан өнер майталмандары Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай, республика қалаларында гастрольдік іс-сапарда жүр. Қазақстандағы түрлі ұлттың билерін шебер көрсете білген өнерпаздар оңтүстік көрермендерін де тамсантты. Ансамбль репертуарында бүгінде 130-дан астам ұлттық би және әлемдік шығармалардан нөмірлері бар. Ұжымда 70-тен астам балет әртісі бар, Оның 14-і «Мәдениет қайраткерi» атағын алған.
Домбыра биінде сахнаға шыққан Жанна Макишева мен Алмас Халел. Ансамбль солисті Жанна Селезнев атындағы хареографиялық училищені тамамдаған. 10 жасынан би билеп жүрген ару болашақ өмірін де осы кәсібімен байланыстырады.

Жанна Макишева- солисті
труппаның балет солисті ретінде 4-ші жыл жұмыс істеп келемін. Мына ел ішіндегі гастрольге де тыңғылықты дайындалдық. Мынадай көрерменнің алдында билегенге ризамын. Қолдау бар. Рахмет.

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 1955 жылы Алматы қаласында құрылды. Құрылған жылдан бері ұжым фестиваль және байқауларда өз бағдарламаларымен қатысады, түрлі фестивальдердің жеңімпазы болды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі елімізге еңбегі сіңген өнер қайраткері, Құрмет Орденінің ковалері Гүлсәуле Орымбаева. 1994 жылдан бері ансабльді басқарып келе жатқан ол сол кезден бері тігін цехінда ашқан. Әрбір костюмге ою өрнек салып, жіті қадағалайды. Жетекші ұлттық биді қояр алдын елдің тарихын зерттеп, оны би арқылы және костюм арқылы да білдіруге тырысқан. Ансамбль құрамасы аудан орталықтарында болып, 22- ші қазан күні Түркістанда оңтүстіктегі сапарын аяқтайды.