Жастар қан тапсырып жатыр

Мен донормын, шипа болар қаным бар, қабылдаңдар, алыңдар. Өмір беріп өзгеге өмірімді сақтаймын-деп қан орталығына жастар келді. Дамир Жүнісов- облысымыздың 15 жастар орталығының белсенділерін бастап келген жігіт. Алғашқы болып қан тапсырған ол бұл істі парызым деп санайды.

Дамир Жүнісов: қазір қан алып жатыр, қуанышты сезімдемін. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елімізді қорғаған ғой. Бізде елімізге үлесімізді қоспақпыз. Науқас адамдарға біздің көмегіміз қажет.

Төлқұжатымен келген донор алдымен типтік анкета толтырады, одан соң, тіркеу бөлімі донорлық қорда қауіпті топтардағы тізімдерден сейіліп, алғашқы лабороториялық тексеруден өтеді. Қан құрамын сарапталған соң, ерікті жасты терапевт дәрігер қабылдайды. Ол сынақтан мүдірмей өтсе, қан тапсыруына мүмкіндік бар.

450 миллиграм қан беру үшін адам қанмен жұғатын инфекциямен яғни, Гепатит В,С, Сифилис, ВИЧ инфекциясы, бурцулезбен алдын ауырмауы керек. Тапсырылған қан 48 сағатта орнына толыға бастап, 1 айда толық жаңартылады. Жылына әрбір азамат денсаулығы жараса, 4-5 рет донор бола алады.