ҰОС ардагерлеріне деген көңіл әрдайым қажет

276

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Мәскеуде өткен Тәуелсіз мемлекеттер ардагерлері қоғамдық ұйымдары ынтымақтастығы үйлестіру кеңесінің съезіне қатысқан төраға талқыланған және қабылданған шешімдермен тілшілерді таныстырды.

Бірде-бір ҰОС ардагері, тыл еңбеккері назардан тыс қалмауы тиіс. Соңғы мәліметтер бойынша бүгінде облыста 1042 ҰОС ардагері, 23 мыңнан астам тыл еңбеккері ғұмыр кешуде. Өкінішке орай, олардың қатары жыл емес, күн санап азайып отыр. Сондықтан да, құрмет пен қолдау оларға тек мереке күндері ғана емес күнделікті көрсетілуі тиіс. Съезде бұл міселе басты назарға алынған. ОҚ ардагерлер Кеңесі осы бағытта жұмысты жандандыруға қазірден кіріскен.

Ардагерлерге үкімет және жергілікті билік тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Зейнетақы мөлшері Қазақстан мен Беларусь елінде едәуір өскен. Шайқаста ерлік көрсеткен қарияларымыздың қоғамда орны бөлек. Олардың өмірлік жолы және мол тәжірибесі кеңінен насихатталуы тиіс деген БАҚ өкілдері бір ауыздан ардагерлер Кеңесінің өкілі міндетті түрде ПМ депутаттығына ұсынылса деген тілегін де жеткізді.

Ардагерлердің тыныс тіршілігінен үнемі хабардар болу бастауыш ұйымдардың да тікелей міндеті. Өңірімізде тіркелген 509 ұйымның қатары артуы тиіс. Осы тұста еңбек еткен ардагердің мекеме мен ұйымының орны ерекше.

Тек осылай ғана баршамыз бірігіп оларды жалғызсыратпаймыз. Жастар да бұл игі істен шет қалмауы тиіс. Бейбіт өмір силаған ардақты аға-апалардың әлі де өнегелі бастамалары болары даусыз.