№10 жекпе-жек мектебінің шәкірттері ерледі

214
грек рим күресінің палуандары жарыстан оралды

Жуырда ғана ашылған спорт ордасында бүгінде 500 -ден аса палуан шеберлігін шыңдап келеді. Олардың қатары күн сайын көбеюде. Бүгіннің өзінде алғашқы жетістіктер бар.

Мұрат Қыпшақбаев, №10 қалалық спорт мектебінің директоры: «Қазақ күресінен Әлемдік аренада топ жару біз үшін үлкен мақтаныш. Естіген уақытта, телпегімізді аспанға лақтырып, төбеміз көкке жеткендей болды. Ашылғанымызға бір жыл да болған жоқ. Енді ғана қадам жасап келе жатқан мектебімізге бұл жеңіс сәттілік сыйлайды деп ойлаймын.  «

Азамат Қыпшақбаев Өскеменде өткен халықаралық жарыстан оралды. Ресей, Қырғыз, Өзбекстан, Тәжікстан және еліміздің барлық облыстарынан жиналған палуандардың арасынан топ жарып, 73 келі салмақтағылар арасында жерлесіміз күмістен алқа таққан.

Азамат Қыпшақбаев, дзюдошы: «Жарыс барысында бес жекпе жек өткіздім. Ақтық сында алаң қожайынмен кездесіп, ережені бұзып, соңында жеңіліп қалдым. Десек те медальдың өзі жаман нәтиже деп ойламаймын. Жаңа шаңырағымыз сәттілік сылайтынына сенімдімін.»

Грек рим күресінің де ең кішкентай палуандары ел чемпионатынан оралды. Жерлестеріміз облыс қоржынын екі жүлдемен толықтырды. Бүгінде жекпе жектің 5 түрімен шұғылдануға мүмкіндік бар. Алғашқы чемпиондар да пайда болды. Ендігі мақсат жаңа залда чемпиондардың қатарын көбейтіп, ел туын халықаралық жарыстарда биікке көтеру.