Шымкентте автобустар жетіспейді. Таңертеңгі сағат 7.00 мен 9.00 дейін қала тұрғындарына жолаушылар 1239 автобус қызмет көрсетуі тиіс еді. Оның 69 пайызы ғана жолға шықты. Қар борап, күн суытқанда бұл көліктердің көбі шықпай да қалады. Ал жылы күндері таңертеңгі жағдайдың өзі мәз емес. Әр күні таңертең жерлестеріміз діттеген жерлеріне әупірімдеп әрең жетеді. Жұмысына уақтылы бармау — соңғы кезде олардың барлығына таңсық болмай қалды. Қайтпас шағынауданынан қатынаудың қиындығын қара темір тұлпарды тізгіндеген шенеуніктер түсіне бермес. Алайда, автобустардың резина секілді созылмайтынын тіпті бала да білетіні сөзсіз.
Ресми мәлімет бойынша, бүгін таңертең сағат 7.00ден 9.00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетіледі деп белгіленген 1559 бағыттың шын мәнінде қалада 1000-ға жуығы ғана жасалған. Кешкі мезгілде бағыттар екі есе артуы тиіс. Бірақ қызмет сапасыз! Амалы құрыған жолаушылар таңертең де кешке де такси жалдауға мәжбір. Қала әкімдігінің көлік бөліміндегілер автобустардың жеткіліксіздігін алға тартады. Бұл — келісім құжатында көрсетілген міндеттерді орындамаған көлік компанияларымен келісім шартты бұзумен жағдай оңалмайды дейді мамандар. 7 көлік компаниясының 14 бағыты бойынша келісім шарты бұзылған 12 мекемеге 5 айлық есептегіш көрсеткішпен әкімшілік айып салында нәтеже жоқ .
Расында да нәтиже жоқ. №8 бағыттағы автобусты бір сағат бойы күттік. Сол күйі келмеді. Ал 17 бағыттағы автобустар қанша сыналғанымен, бұл көліктерде жол жүру әлі де қауіпті. Оған қоса, автобустар жарысқа шыққанда, жолаушылар қауіпсіздігі туралы айтудығ өзі артық.