Арыс қаласындағы «Торабтық аурухана» өндірістік кооперативі қосалқы шаруашылығында лимондарды өсіруді қолға алған.
Минералды суды тиімді пайдалану арқылы қазіргі таңда ағзаға пайдалы витаминге бай лимон жемісімен өзімізді қамтып отырмыз,-дейді Арыс қаласындағы «Торабтық аурухана» өндірістік кооперативінің басшысы Әбілқасым Жарымбет.
2008 жылы лимон көшеттерін отырғызған өндірістік кооперативтің мүшелері қазір 500-600 кг. дейін өнім жинайды. Лимоннан бөлек, арыстықтар келешекте қиярды да отырғызуды жоспарлауда. Көп ұзамай мұнда қыстық бағша да ашу көзделуде.