Қарақшылықпен айналысып келген 6 азамат ұсталды

196
ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова

ОҚО полиция қызметкерлері аса қауіпті қылмыстық топты құрықтады. Ағымдағы жылдың 10-шы желтоқсаны күні Сайрам аудандық ІІБ қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының кезінде ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Шымкент қаласының 6 азаматы ұсталды.

Олар ақпан айында «Бадам» елдімекенінің тұрғынының үйіне баса көктеп кіріп, атыс қаруымен қорқытып, оның 300 мың теңгесін алып кеткен.Бұл қылмыстық топ наурыз айында да екі рет қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушіден ақша, және алтын бұйымдарын жымқырған. Мамыр айында олар беттеріне медициналық бетперде киіп, әйел азаматшаның үйіне кіріп, 11 мың АҚШ долларын тартып алған.

Олар қараша айына дейін осылай қарақшылықпен айналысқан. Тұрғындарға миллионнан аса залал келтірген топ енді құрықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.