Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан

көрмеге қойылған туынды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жұлдызды күндер» бағдарламасы аясында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Шымкент қаласындағы Көркемсурет галереясы «Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан» атты облыстық көрме байқауын өткізді.

«Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан» тақырыбына арналған көрме байқауының басты мақсаты -халық арасында және өскелең ұрпақтың жүрегінде туған жерге деген сүйіспеншілікті күшейту және жастарға патриоттық және рухани тәрбие беру, бейнелеу өнерінің дарынды балаларын анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көресту, сонымен қатар олардың өнерін халық арасында насихаттау.

Байқауға қатысушылар Қазақстанда татулықты,олардың мәдение жетістіктерін көрсету,ең бастысы байлығы болып табылатын бейбіт пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты елімізді бейнелеу өнерінің реализм, абстакция, сюрреализм т.б бағыттарында жеткізу. ОҚО аудандары мен қалаларынан 6-дан 15-жасқа дейінгі 83 суретшіден бейнелеу өнерінің графика, кескіндеме, қолөнер, аппликация, фото, компьютерлік графика, т.б түрлі әдістерінде орындалған 175 шығарма қатыстырылды. Байқауға жіберілген жұмыстарды кәсіби білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы сарапқа салды.