Шымкентте цирк ашылады

251

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Шымкентте 1200 орындық цирк ғимараты ашылады деп күтілуде. Оңтүстікқазақстандық балаларды қуанту үшін «Шымкентқұрылыс» ЖШС-нің құрылысшылары тыным таппай еңбек етуде. Құрылыстың барысын тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы мен мемлекеттік техникалық қадағалау мекемесінің өкілдері бақылауға алған.

Нысан аса жауапкершілікті талап етеді. Көрермендердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында күрделі конструкциялы күмбез мұқият жиналған. Жобаның сметалық құны 63 жарым млн. теңге. Құрылыстың екінші кезеңі келер жылы жалғасып, шаруашылық нысандар пайдалануға беріледі.