«Парасаттықтар» қос тойды тойлауда

Парасат волейбол 4

8 желтоқсаннан бастап М.Сапарбаев атындағы ОҚПИ-ның «Парасат» колледжінде волейболдан жарыс өтуде. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сайыста сайыпқырандар Мардан Сапарбаев атындағы кубок үшін ептілігін сынап жүр.

9 желтоқсан күнгі ақтық мәреде Шымкенттегі 8 колледж арасынан бәйгесі оза шапқан 3 команда бақ сынауда. Бір-бірінің аймақатарына доп түсіруде жанталасқан сайыпқырандардың ойыны тартысты өтті. Волейболға қазылық еткен әділқазылардың сөзінше, аталмыш колледждің студенттері ешкімге дәс бермейтін түрі бар.

Айта өткен жөн, Мардан Сапарбаев атындағы кубок үшін болған жарыс биыл тұңғыш рет ұйымдастырылыпты. Сондай-ақ, волейболшылар бұл ойынды Парасат колледжінің 10 жылдығына да арнапты. Мыңнан аса студенті бар парасаттықтар спорт ойындарының өзге де түрінен әрқашан алда жүргеніне мақтанады.