Өткен жылы 23- желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 262-бабы 2-бөлімі, «в» тармағы, 259-бабы, 3-бөлімі, «в» тармағымен айыпталған М.Орынбаевтың қылмыстық ісі қаралды.
Қызылордалық М.Орынбаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылдық округінің жерінен 1,5га болатын суармалы жерді, күнбағыс өсіру үшін жалға алған.
Күнбағыс өніміне қанағаттанбағандық танытқан дихан, күнбағыс алқабының ортасына 401 түп құрамында есірткі заттары бар сораны жасырын баптап, егіп өсірген.
Сот үкімімен М.Орынбаев құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған сораны заңсыз ірі мөлшерде суарып, баптап өсіргені үшін, мүлкі тәркіленіп, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды- деп хабарлайды ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.