Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда, өзгенің көлігін айдап кеткен қарақшылар ұсталды

314
қарақшылардың бет пердесі

Осы қылмысқа күдікті екі азамат қолға түсті. Олар бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда «Мицубиси Паджеро» көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасаған.

Қылмыстық оқиға 11-қаңтар күні кешкісін орын алған. Көліктің 52 жастағы жүргізушісі Т.Рысқұлов көшесімен жүріп келе жатып, Суха батыр көшесінің қиылысында орналсқан бағдаршамға тоқтайды. Дәл осы уақытта көлік салонына беттеріне бет перде киген белгісіз үшеу келіп, мініп алады. Жүргізуші әбден таяқ жеген. Оны артқы орындыққа жіберіп, қала сыртына апарып лақтырып кеткен. Анығырақ айтсақ, жүргізушіні қаланың қоқыс төгетін ауданына апарып, қалтасындағы ұялы телефонын алып кетеді.

Ал 17-қаңтар күні айдап кеткен «Мицубиси Паджеро» Қазиев көшесінен табылады. Сол күні-ақ полицейлер екі күдіктінің артына түседі. Олар Шымкент қаласының 1990 және 1991 жылы туған тұрғындары екен. Оларды арнайы «Арлан» спецназдарының көмегімен қолға түсіреді. Ұстау операциясы Қонаев даңғылының бойында өтеді. Екі күдікті автокөлік ішінде болған.
Қазіргі таңда қылмыс тергелу үстінде.  Ал үшінші қарақшыға іздеу жарияланып, қылмыстық іс қозғалды.