Дзюдошылар Шымкент бөз кілемінде белдеспек

383
Шымкенттің палуандары өз алаңында республикалық медальға таласады

Шымкенттің жас дзюдошылары Қазақстан Чемпионатына дайындалуда. Биыл облыс қоржынын дзюдошыларымыз бірнеше алтын медальмен толықтыруы тиіс. Өйткені, Республикалық сынақ  Шымкентте өтеді.

 Базарбек Донбай, жасөспірімдер арасында ОҚО аға бапкері: «Төрт-бес жақсы палуанымыз бар. Сол жеткіншектерге үміт артып отырмыз. Алтын медальдар болуы тиіс».

Өз алаңында жеңісті қолдан жіберу ұят дейді облыс спортының тізгінін ұстаған ағалар. Оның үстіне биыл грек рим және еркін күрестен де жас палуандар шым қалаға жиналып, ел чемпионатында бағын сынайтын болады.

Шым қалада екі бірдей спорттық ғимарат ашылды. Оның бірі жеңілатлетика манежі болса, екіншісі Біркөлік тау шатқалында орналасқан «Бәйшешек» спорттық сауықтыру кешені. Палуандарымыз манежде медальдар үшін таласқа түссе, баскетболдан ел чемпионатының алғашқы туры «Бәйшешекте» өтеді.

Әлібек Нұртаев, ОҚО туризм, дене тәрбиесі және спорт басқарма бастығының орынбасары:
«Бізде бірнеше спорттық нысан ашылды. Енді сол жерлерде ірі жарыстар өткізе аламыз. Ол дегеніміз жас палуандарға тәжірибе жинақтауға жақсы мүмкіндік».

Республикалық жарыстардың шым қалада өтуі спорттың бұл түріне оң ықпалын тигізері сөзсіз. Спорттық нысандардың көбее түссе мұндай турнирлердің қатары арта түсері анық.