Кәсіпкерлікті қолдау жобасы қаралды

бизнес жол картасы 2020

Дәл қәзір «Алтын орда» бизнес орталығында кәсіпкерлікті қаржылай және қаржылай емес қолдауға бағытталған бағдарламалар туралы дөңгелек үстел өтуде. Шараға аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшылары, сонымен қатар «Даму» қорының мамандары қатысуда. Жиында, ОҚО аумағындағы кәсіпкерлікті дамытудың жолдары қаралды. Сондай-ақ аудандардағы түйткілді мәселелер талқыланды.

Облыс бойынша өткізілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 4 бағыты бойынша да мәселелер күн тәртібіне енгізіліпті. Басқосудың қонақтары «Бизнес кеңесші» жобасының 2011 жылғы қортындысын шығарып, биылғы мақсаттардың межесін айқындады.

ОҚО бойынша даму бағдарламасы бойынша, бүгінде 68 жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың жобалары мақұлданып, жалпы соммасы 21,03 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Оның ішінде «Кентау трансформатор» зауыты, АҚ «Шымкент май» АҚ, «Рауан» ЖШС, «Ернұр принт» ЖШС секілді кәсіпорындарының жобалары қолдауға ие болыпты.

Болашақта «Даму» қоры институты түрлі тренингтермен, мастер-класстар өткізбек. Биылғы жылдан бастап, шағын және орта бизнес топ менеджментін «Назарбаев Университеті» бизнес мектебі- базасында оқыту жобасы қаралған. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоырының басшысы Самат Асылбековтың айтуынша қазірдің өзінде, ОҚО бойынша, жалпы 25 шағын жане орта бизнес басшылары аталған жобаның 2 апталық оқуына қатысып, тәжірибесін арттырыпты. Енді олар білімдерін шет мемлекеттерде дәлірек айтсақ, АҚШ, Германияда өтетін бизнес семинарларда толықтырады деп күтілуде.