Көлік рәсімдеудің құн салығы қымбаттады

көлік рәсімдеу

Қазір көпшіліктің көкейінде көлікті кедендік рәсімдеуден өткізудегі мәселелер мазалайды. Себебі былтырғы жылдың 1-шілдесінде міністі жеңілдікпен рәсімдеу тоқтап қалған болатын. Жеке тұлғалардың біразы сол кезде-ақ темір тұлпарын арзан тариф бойынша тіркеуден өткізіп алды. Ал үлгермегендері қалтасынан қағылды. Себебі бұрын әр текшеметіріне 0,60 еуро төлеп келген болса биылдан бастап, бірыңғай кедендік тариф қолданылып, бұл баға 5-7 есеге қымбаттаған.

Енді биылдан бастап автодилерлермен, тасымалдаушы компаниялардың кесірінен дер кезінде жеткізілмеген көлік иелеріне ешқандайда жеңілдік берілмейді. Сондықтан жұрттың көбі қазір баж салығынан жалтару үшін көршілес Өзбекстанның көліктерін әкеліп міне бастапты. Себебі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы еркін сауда айналымы туралы келіміс бойынша отандық тауарларға баж салығы алынып тасталған.  Тек 12 пайыздық мемлекеттік құн салығын төлейді екен.

Тағы бір айта кететін шет елден әкелінетін көліктер міндетті түрді еуро 2 стандартына сәйкестендірілуі тиіс. Тіпті осыдан біршама уақыт бұрын еліміз ЕУРО3 стандартын да қабылдамақ болған. БІрақ бұл мәселе кейінге шегеріліп, қазір қайта қаралуда. Сондықтан шыққанына 5 жылдан асқан 1800-ден 3000 текше см. дейінгі көліктердің кедендік алымының мөлшерлемесіне әр текше үшін 4 евро және оған 12 пайыздық қосымша құн салығы қосылмақ.

Оның үстіне биыл Біріңғай кедендік кеңістік декларациясы қабылданды. Енді шекараның арғы бетінен экспортталатын минералды өнімдер мен металдар, олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдерінің бағасы тұрақтылыққа бейімделмек. Ал көлік пен ауыр техникалардың баждары мен жалпы салығы сол күйінде өзгеріссіз қалмақ.